×

Турловтың асығыс жасаған мәлімдемесі министр Мусинге ұнамады

Турловтың асығыс жасаған мәлімдемесі министр Мусинге ұнамады
Фото: facebook.com/BagdatMussin

Бүгін, 24 қаңтарда Қазақстанда мемлекеттік органдардың ресми сайттары, eGov.kz порталының компоненттері мен eGov Mobile қосымшасының, E-license және Ашық Үкімет порталы ашылмай қалды. Осыған қатысты қазақстандық миллиардер Тимур Турлов «Қазақтелекомды» кінәлап пост жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның Threads желісінде жазған посты ақпарат құралдарында кеңінен тарады. Арада бір сағат өтпей, Турлов кешірім сұрады.

«Қазақтелекомнан» кешірім сұраймын. Менің айтқаным дұрыс емес. Эмоцияға беріліп, жазба жарияламас бұрын дұрыстап тергеу жүргізіп алу керек еді. Ақау «Ұлттық ақпараттық технологиялардан» АҚ (ҰАТ) немесе ресейлік операторлар тарапынан болған шығар. Бұлай айтқаныма өкінемін, - дейді миллиардер.

Оның бұл асығыс мәлімдемесі «Қазақтелекомның» басқарма төрағасы Бағдат Мусинға ұнамай қалған тәрізді.

Турлов мырзаны қызметкерлері жаңылыстырғаны өте өкінішті. Мемлекеттік сервистердің қолжетімсіздігі «Қазақтелеком» АҚ-мен байланысты емес. Ол кісінің парақшасында жалған ақпаратты тез түзеткені үшін алғысымды білдіремін. Техникалық мәліметтерді  Нұрлан Мейірманов түсіндіреді, - деді Мусин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Google, Apple, Netflix секілді алпауыттар Қазақстанға қанша салық төлейді
Кеше, 14:26

Google, Apple, Netflix секілді алпауыттар Қазақстанға қанша салық төлейді

Қазір елімізде 101 шетелдік компания тіркелген  
Ол әлемнің 20-дан астам елінде болып, тәжірибе жинақтап келген
Аймақта кәсіпорын технологтары ойлап шығарған авторлық шұжықтар өндірілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →