×

Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады

Жобаның жалпы құны 10 миллиард теңге

Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Италиялық Chicco бренді Қазақстанда өз өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласында орналасады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өзінің жаңа Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, UNITED HYGIENE зауытының базасында Chicco маркасымен балалар жөргектері мен ылғал сүлгілер шығарылады.

«Халықаралық брендтің келуі – шетелдік инвесторлардың өңірге деген жоғары сенімінің көрінісі. Алатау қаласы әлемдік компаниялар өз болашағын көретін өндірістік орталыққа айналуда», – деді облыс әкімі.

Жобаның жалпы құны 10 миллиард теңге. Оның жүзеге асырылуы нәтижесінде 200–250 жаңа жұмыс орны ашылады.
Зауыттың сапалы өнімдері ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Ресей, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстан елдеріне экспортталатын болады (экспорт үлесі – 50%).

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл жоба өңір экономикасын нығайтып, инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан лоукостері Ақтаудан Дубайға тікелей рейсті іске қосады: билеттер қанша тұрады
06.10.2025ж. 10:53

Қазақстан лоукостері Ақтаудан Дубайға тікелей рейсті іске қосады: билеттер қанша тұрады

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейстер ашатынын хабарлады
Ол табандылықпен, толық беріле жұмыс істеу, жомарттықпен инвестиция салу және дамудың әр кезеңін терең ой елегінен өткізу қажеттігін атап өтті
Шығыс Қазақстанда «Altay Invest-2025» халықаралық форумы ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →