×

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Елдегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 755,2 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 триллион 910 миллирад теңге бағытталды», – делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 320 мың адам.

«2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893 теңге», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бір қарағанда, шешімнің еш зияны жоқтай көрінеді
Жыл соңына дейін жалпы құны 350 млрд теңгеге жуық 4 ірі жоба іске қосылмақ
Тұрғындарға кейде өз құқықтары мен міндеттерін қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру жетіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →