×

Министрге де ұсыныс жасаған: Мусин Қазақстандағы шамадан тыс кредит алушылардың көбеюі жайлы айтты

«Маған да микроқаржы ұйымдарынан хабарламалар келеді»

Министрге де ұсыныс жасаған:  Мусин Қазақстандағы шамадан тыс кредит алушылардың көбеюі жайлы айтты
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Jibek Joly арнасына берген сұхбатында халық арасында несие алушылардың шамадан тыс көбейіп кетуін микроқаржы ұйымдарының жұмысымен байланыстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кредит алу үшін жеке куәлік, ондағы ақпарат қажет емес. Ол сіздің бұған дейін қанша кредит алғаныңызды, қанша жалақы алатыныңызды білу үшін қажет. Кредиттер бойынша төлемақы уақытылы болды ма, сол жайлы ақпарат керек. Ол мәліметтің барлығы біздің ведомствода емес, кредиттік бюрода. Сол кредиттің көбеюіне, бөлінуіне әсер етеді. Ал біздің ақпаратымыз, яғни жеке куәліктің болуы, болмауы кредиттік мәселеге әсер етпейді» , – деді Мусин.

Министр микроқаржы ұйымдарынан өзіне де жиі кредит алу жайлы ұсыныс хабарламалар көп келетінін айтты.

«Маған да бір аптаның ішінде микроқаржы ұйымдарынан қаншама хабарлама келді. Олар маған кредит ұсынып жатыр. Мен де осыны біраз сынға алдым. Өйткені ол тек қана біздің құзыреттілігіміз емес. Кейбіреулер ол цифрлы болған соң, оны менің ғана қолымда деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк бар. Олармен бірігіп, жүйелерін жетілдіру керек. Сондықтан микроқаржы ұйымдардың жұмысын реттеу менің құзырымда емес. Бұл мәселе жаңа айтқан органдарға тиесілі, біздің оған қатысымыз тек үшінші, төртінші деңгейде», – деді министр.

Айта кетейік, қазақстандықтардың 84 пайызының несиесі бар. Яғни, 8,5 миллионға жуық адам банк алдында қарыз. Соңғы 1,5 жылдың ішінде қарыз алушылардың саны 27 пайызға өскен. Олардың ішінде 1,7 миллион адам несиесін уақытында төлей алмай жатыр. Қарыздарының өтелмегеніне 90 күннен асып кеткен.

Еске салайық, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қазақстандықтардың ойланбастан несие алып жатқанын, сондықтан несие беруді заңнамалық тұрғыдан қатайту қажеттігін айтты. Оның айтуынша, қаржы институттарының тартымды жарнамасы, несие алу тәртібінің жеңілдігі мен қолжетімділігі қазақстандықтардың ойланбастан несие алуына әсер етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →