×

Qarmet компаниясының жабдықтарын жаңартуға $1,3 млрд бөлінеді

Үкіметте компанияны дамыту мәселелері қаралды

Qarmet компаниясының жабдықтарын жаңартуға $1,3 млрд бөлінеді
Qarmet

Үкіметте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Qarmet компаниясының ағымдағы жұмысы мен кәсіпорынды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланды.

Одан бөлек, комбинат жабдықтарын жаңғыртуды, заманауи өндіріс технологияларын енгізуді және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын арттыруды көздейтін инвестициялық бағдарламаны іске асыру мәселесі қаралды.

Атап айтқанда, бірінші кезеңде осы мақсатқа шамамен $1,3 млрд бөлінеді.

Премьер-министр кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемелерді уақытылы орындау қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысы осыған орай, өндірісті одан әрі серпінді дамытудың, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтудың және анықталған экологиялық заңнама талаптарын бұзушылықтарды кезең-кезеңімен жоюдың маңыздылығын атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдарға ағымдағы мәселелерді шешуде кәсіпорынға қажетті қолдау көрсетуді және инвестормен бірлесіп, Qarmet-ті дамытудың әрбір бағыты бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» электронды порталын іске қосу жоспарланып отыр
Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушыларға арналған дербес қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілген мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын ұсынды
RAMS QAZAQSTAN компаниясы әрбір баланың мектепке қуанышпен және ертеңгі күнге сеніммен баруға толық құқығы бар екені ерекше атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →