×

«АрселорМиттал Теміртау» атауы ресми түрде өзгерді

Сондай-ақ бұрынғы "АрселорМиттал Теміртауды" Вадим Басин басқаратыны белгілі болды

«АрселорМиттал Теміртау» атауы ресми түрде өзгерді
Фото: QARMET баспасөз қызметі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды. Сондай-ақ, Qarmet компаниясын, бұрынғы "АрселорМиттал Теміртауды" Вадим Басин басқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.

"Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кәсіпорынды Андрей Лаврентьев сатып алғанын жариялаған болатын.

Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 миллиард доллары алдағы жылы инвестицияланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мәжіліске келіп түскен жобада ставкаларды саралау көзделеді
Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →