Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт мәдениет саласындағы жағдайға көңілі түңілгенін өлеңмен өрнектеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
О,сұмдық-ай...
О, құрғыр.
Көншір ме екен көңіл бір.
Қай залымның кеңесі?
(Даттау сөзге көмілгір)
Айналама қарасам,
Аспаным да көгілдір,
Жастарым да ' көгілдір"
Қолын бұлғап қарсы алған,
Арманым да көгілдір,
Шымшық құсап ән салған
"Тарланым" да " көгілдір "
Тіс қайрауда, шара жоқ
Үндемейсің...
Өмір-бұл
Бүгін Қазақ мәдениеті үшін жартылай қайғылы күн деуге болады....
Айта кетейік, 21 мамыр елімізде мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Мереке ретінде президент жарлығына сәйкес 2013 жылы белгіленген. 20 мамырда елімізде бірнеше өнер азаматы әр түрлі атақ-дәрежелерімен марапатталды. Ринат Зайытқа кейбір азаматтардың алған марапаты ұнамауы мүмкін.