×

Қазақстанда мұғалімдер мен директорлар ЖИ пайдалана ма? Бейсембаев жауап берді

Министр Мәжіліс депутатының сауалына жауап берді.

Қазақстанда мұғалімдер мен директорлар ЖИ пайдалана ма? Бейсембаев жауап берді
Pixabay.com

Қазақстанда мұғалімдер мен мектеп директорлары нейрожелілермен жұмыс істеуді үйреніп жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің мектеп бағдарламасына жасанды интеллектті қолдануға арналған сабақ енгізу жөніндегі ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Асхат Аймағамбетов депутаттық сауалында ChatGPT және DeepSeek сияқты нейрожелілер пайда болғанына екі жылдан астам уақыт өткенімен, Қазақстан мектептерінде жасанды интеллектпен жүйелі түрде жұмыс істеуді үйрету әлі енгізілмегенін атап өтті.

Алайда Ғани Бейсембаев бұл сынмен келіспейтінін алға тартты. Оның сөзінше, министрлік жасанды интеллектті білім беру процесіне бірнеше жыл бұрын енгізген. Атап айтқанда, педагогтар мен мектеп директорларына ЖИ-ді қолданудың негізгі әдістері бойынша арнайы оқыту жұмыстары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оған қайтадан мектеп партасына отырып, қолына қалам алу оңай болмаған
Айта кетейік, бұл шараны бұрын АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың әкімшілігі ұсынған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →