×

Наразылыққа шыққан киногерлерге айыппұл салынды

Кеше сот отырыстары өтті

Наразылыққа шыққан киногерлерге айыппұл салынды
Facebook / Rinat Rafkhat

17 мамырда митингіге шыққан киногерлердің сот отырыстары өтті. Бұл туралы құқық қорғаушы Ринат Рафкат өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Оның айтуынша,  адвокат Жалгас Сапарханова, журналист Күлтегін Аспанұлы үшеуі киногерлерге араша түсу мақсатында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ғимаратының кіре-беріс дәлізінде түнгі 12-ге дейн сот отырыстарына онлайн қатысқан.

“Тәуелсіз киногерлер Ұлттық киноны қолдау орталығындағы салалық былық-шылықты ашық айтып, кіретін есіктері қалмағасын, пікірлерін кино орталығы басшылары орналасқан Алматы қонақ үйі алдында «бізді тыңдаңдар» деп, бейбіт митинг өткізеді. Саладағы алалау туралы бассыздықтарды айтады. Шаш ал десе бас алатын құзырлы орган, прокуратураның нұсқауымен құқықтарын түсіндірмей бірнешеуіне айыппұл салып жіберген. Қиналған ұлттық өнер иелеріне арашашы болайық деп, адвокат Жалгас Сапарханова, журналист Күлтегін Аспанұлы және мен болып Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ғимаратының кіре-беріс дәлізінде түнгі 12 ге дейн сот отырыстарына онлайн қатыстық. Судья, тіпті сот төрағасына дейін сот залына кіргізіп оффлайн форматта өткізуге бірнеше мәрте өтінішхат түсірілді. Ескермеді”, – деп жазды ол.

Ринат Рафкаттың айтуынша, судьялар киногерлерді құқық бұзушы деп танып, айыппұл салған: 

1. Судья Қасымова полиция майоры Елеубеков Дауреннің толтырылған ӘҚБтК 488-бап 7-бөлігі (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру) хаттамасымен, актер-режиссер Азамат Шарғынға қатысты сот талқылауын бастады. Азамат Шарғын және адвокаты Абай Қабдолов судьяға сенімсіздік танытты. 10 минут үзілістен кейін сот отырысын судья Қасымова жалғастыратын болды. Прокурордың қортындысымен 488-бап 7-бөлігін саралап, 488-бап 6-бөлігіне ауыстыру сұрады. Судья Қасымова режиссер Шарғынды құқық бұзушы деп танып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасын 30 пайыз жеңілдікпен 72 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Құқық бұзушының уәждері ескерілмеді.

2. Судья Қарымбаев режиссер Әрі Би-Бек Өр Алтайды ӘҚБтК 488-бап 6-бөлігімен (санкцияланбаған іс-шараға қатысу) толтырылған негізде сот талқылауын бастады. Қорғаушымен бірге судьяға сенімсіздік танытты. Қанағаттандырылмады. Адвокат Жалғас Сапарханова хаттаманы толтырған басқа инспектор, ал сотқа қатысушы Елубаев.Д қолында ешқандай құжатсыз сотқа қатысып отырғанын судьяға ескеруін сұрады. Екіншіден қорғауындағы Әрі Би-бекке қатысты іс-құжаттарына тіркелген құқық бұзушылықты видеодан тауып беруін сұрады. Үшіншіден наразылық акциясына қатысушыларға прокуратура өкілі келіп "заңсыз жиын, тараңдар" дегенде, ешқандай сөзге келместен тарап кеткен. Алайда, судья Қарымбаев біржақты қарап, ешқандай дәлелдемелерді негізге алмай құқық бұзушы деп танып 30 АЕК мөлшерінде, яғни 103 мың теңге айыппұл салды.

3. Судья Раисов режиссер Елзат Ескендірді ӘҚБтК 488-бап 6-бөлігімен (санкцияланбаған іс-шараға қатысу) хаттама толтырылған. Қорғаушымен бірге судьяға сенімсіздік танытты. Қанағаттандырылмады. Адвокат Жалғас Сапарханова сотқа дәлелдеме ретінде тартылған видеода Елзат Ескендір мүлдем жоқ екенін көрсетіп берді. Ескерілмеді. Бірақ режиссер кінәлі. Судья Елзат Ескендірді құқық бұзушы деп танып 30 АЕК мөлшерінде, яғни 103 мың теңге айыппұл салды.

Еске сала кетейік, Алматыда бір топ кинорежиссер наразылыққа шығып, ұлттық киноны қолдау үшін жарияланған байқаудың қорытындысымен келіспейтінін мәлім еткен болатын. Өнер зерттеушісі, сценарист Ерлан Төлеутай олардың мұндарын жоғары жақ естімей жатқанына ренішін білдірді. Олар талаптары орындалмаса, Ақорданың алдына жиналатынын айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →