×

Астанадағы Әскери тарих музейден Алаш әскеріне қатысты суреттер алынып тасталған

Бұл туралы журналист, Алаштанушы Болат Мүрәсәлім жазды

Астанадағы Әскери тарих музейден Алаш әскеріне қатысты суреттер алынып тасталған
Facebook / Қазыбек Иса

Бір апта бұрын Астанадағы Әскери тарих музейінен Алаш әскеріне қатысты суреттер алынып тасталған. Бұл туралы журналист, алаштанушы Болат Мүрәсәлім жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Музей түні болғасын, Астанадағы Әскери тарихи мұражайға барғанбыз. Алаш әскеріне қатысты экспозицияларды көрсем деп едім. Өйткені, музей ашылғанда Берік Әбдіғалиұлы (қазіргі Ұлытау облысының әкімі – ред) ағамыз хабарласып, Алаш әскеріне қатысты құрастырған кітабымдағы суреттерді сұратқан болатын. Соны көрудің сәті түспей жүрген. Сөйтсем, Әскери тарих музейіндегі Алаш әскеріне қатысты бір қабырғаның көрнекі заттарын (суреттегі) бір апта бұрын тұтас алдырып тастапты», - дейді Болат Мүрсәлім.

Ол Қорғаныс министрлігінің осы әрекетіне түсіне алмағанын жазған. Министрлікке қазақтың азаттығы үшін күрескен Алаш милициясы мен Алаштың атты әскер полктері ұлт тарихының - мемлекет тарихының бір бөлшегі бола алмай ма? деген сауал тастады.

«Музейде қазір бұл тақырыпта Алаш көсемі Әлиханды атты әскер қарсы алып тұрған сәтті бейнелеген жалғыз картина ғана қалыпты», -дейді журналист.

Әзірге Қорғаныс министрлігі бұған қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Музейді 2022 жылдың шілдесінен бері Ләззат Әлжан басқарады.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса: “Қорғаныс министрлігі Тәуелсіз Қазақ елінің бастауында тұрған Алаш тарихына қарсы ма?!” - деп жазды.

«Еліміз үшін ерекше қасиетті Алаш тарихына, Алаш әскеріне қатысты экспозицияларды тез арада қайтып орнына қойдырып, кінәліні анықтап, жауапқа тарту керек! Біз бұл мәселені жай қалдырмаймыз, Үкіметте көтеріп, қалпына келтіреміз! Мемлекеттік тілді білмейтін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мырза, бұл қалай, жауап беріңіз?» - деп жазды депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →