×

Мәжіліс депутаты Қырғызстан президентінен тұлпар мінген қазақ ақынын сынға алды

Аманжол Әлтай одан елге жеткенсін, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпауын талап етті

Мәжіліс депутаты Қырғызстан президентінен тұлпар мінген қазақ ақынын сынға алды
facebook / Аманжол Әлтай

Мәжіліс депутаты, қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтай Қырғыз президенті Садыр Жапаровтан тұлпар мінген қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 13 тамызда Біржан Қалдыбаев Чолпон-Атада өткен көкпардан әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, екі халықтың достығын жырлаған болатын

Қырғыз президенті Садыр Жапаров сол жиында қазақ ақынына құрметі ретінде сыйлық табыстайтынын айтып, 20 тамызда Қырғызстан президентінің көмекшісі Қаныбек Түмонбаев Садыр Жапаровтың сыйлаған тұлпарын Біржан Қалдыбаевқа тарту етті.

“Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ. Мәселе бұл жігіттің танымал болмағанында емес. Егер кесек ой айтса, көркем өлең өріп нақышын келтіре сөйлесе, тіленіп ат сұрамаса, тілеуін тілеп тек қуанар едік”, – деп жазды Аманжол Әлтай.

Ол екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумғы ережені сақтауды, ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруды сұрады.

“Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді. Ендігі жерде қырғыз бауыплар екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумғы ережені сақтауды, біздер ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруларын сұраймыз”, – деді депутат.

Аманжол Әлтай Біржан Қалдыбаевтан елге жеткенсін, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпауын талап етті.

“Құстың қос қанатындай бауырлас елдің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын.

Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын”, – деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →