×

Земфираның концертінде алматылықтар «Соғысқа жол жоқ» деп ұрандатты

«Басқалар сияқты мен де соғыстың аяқталуын күтемін»

Земфираның концертінде алматылықтар «Соғысқа жол жоқ» деп ұрандатты
Ашық дереккөздерден

Земфира Алматыдағы концертінде «Не стреляй» әнін орындағаннан кейін көрермендер бірауыздан «Соғысқа жол жоқ» деп ұрандады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аты аңызға айналған рок-әнші Земфираның табынушылары «Алматы аренадағы» концертінде оның әндерінің әуеніне елтіп, ерекше бақыт сезіміне бөленді.

Земфира - орыс рок-музыкасының шынайы өкілі, оның әндері әртүрлі халықтардың тілдеріне оңай аударылады. Оның қайталанбас дауысы мен рухты әндері жиырма жылдан астам уақыт бойы тыңдаушыларының көңілін тербеп келеді. Концертте әнші өзінің ескі хиттарын да, тыңдаушыға әлі таныс емес жаңа шығармаларын да орындады.

Оның «Не стреляй» композициясы 2010 жылы пайда болды, бірақ 2022 жылы соғысқа қарсы негізгі синглдердің бірі ретінде көбірек айтыла бастады. Ал Земфира осы әнін Алматыдағы концертінде орындаған кезде, көрермендер бірауыздан «Соғысқа жол жоқ» деп ұрандады.

"Турымды араға жеті ай салып, әнге құмар қалаларда – Рига мен Алматыда жалғастырудамын. Тур жаңа альбомға арналғанымен, келесі ән турдың басты әні болған және болып қала береді", – деді Земфира осы композицияны сахнада орындамас бұрын.

 Тамыз айының басында Земфира әлеуметтік желілерде жаңа альбом жазып жатқаны туралы бөлісіп, «Басқалар сияқты мен де соғыстың аяқталуын күтемін» деген еді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді
13.05.2024ж. 10:19

«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →