×

«Бұл «западло» емес». Төреғали Төрәлі жазасын көше сыпырып өтеп жүр

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі оны 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасын бекіткен

«Бұл «западло» емес». Төреғали Төрәлі жазасын көше сыпырып өтеп жүр
Видеокадр

Биыл маусым айында Алматы қаласында 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған Төреғали Төреәлі Алматыда саябақ сыпырып жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео 


Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі оны 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасын бекіткен.
 

«Бізге соттың үкімі бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыс тапсырылған еді. Аллаға шүкір, түске дейін ағана саябақта болдық, қазір осындамыз. Бұл менің тәуелсіздігі бар Қазақстаным, бұл менің отаным, елім, жерім, әлбетте, әнұраны мен көк туы бар елдің өзінің заңы болады. Ол заңға бәріміз бірдей бағынуымыз керек деп ойлаймын. Міне, «Ұлы далаә баласы өзінің ұлы даласын сыпырып жатыр. Бұл «западло» емес», - дейді Төреғали Төреәлі.


Оның айтуынша, бұл аула сыпыру, қоқыс төгіп келу деген сияқты жұмыс. Тіпті, айналып келгенде Пайғамбар сүннетіне келеді деп санайды.
 

«Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертеңгі ас құятын ыдысыңды бүгін жуып қою деген нәрсенің бәрі - тазалық иманнан емес пе? Аман болыңыздар! Ананың бәрін жинап тастадық», - дейді әнші.


Еске салайық, 22 қыркүйекте Төреғали Төреәлі 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Танымал әртіске Қылмыстық кодекстің 378-бабы бойынша "Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлады" деген айып тағылды. Ал Төреғалиды ұстамақ болған 6 полиция қызметкері жәбірленуші деп танылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →