×

«Ұйымдастырушыларды қорқытып жатыр»: Макаревич Қазақстандағы концерті жайлы мәлімдеме жасады

Бұған дейін шоумен Нұртас Адамбай Макаревичке Қазақстанда концерт өткізуге мүмкіндік бермеу керектігін айтқан еді

«Ұйымдастырушыларды қорқытып жатыр»: Макаревич Қазақстандағы концерті жайлы мәлімдеме жасады
Persona stars

«Машина времени» тобының лидері Андрей Макаревич Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстандағы концерті өтпей қалуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Біз Өзбекстанда да, Қазақстанда, Қырғызстанда да көп рет ән салдық. Ол елдерде әрдайым жақсы еді. Ташкентте біз ән де жазғанбыз. Кезекті рет сіздерге бармақ едік. Енді біртүрлі адамдар концертті ұйымдастырушыларды қорқытып жатыр екен. Бәлкім, мен Израильді соғысында қолдағаным үшін болуы керек. Мен өзім тұрған елді қолдадым. Достар, Хамас – Ислам емес. Бүгін біздің үйдің жанына зымыран құлады. Арабтың Фарадиз қаласына жақын жер бұл. Мұсылмандар қаласы. Бұл Ислам ба? Әйелдер мен балаларды бауыздау да Ислам ба? Бұлар «Исламбыз» деп, кепілге алынғандардың артына тығылып отыр. Ол да Ислам ба? Мен емес деп ойлаймын», – дейді ол видеоүндеуінде.

Десе де, оның үміті бар. 

«Қысқасы, бәріңе сәттілік тілеймін. Концертте кездесеміз деп үміттенемін. Достарым көп екенін білемін», – дейді әнші.

Еске сала кетейік, бұған дейін шоумен Нұртас Адамбай Макаревичке Қазақстанда концерт өткізуге мүмкіндік бермеу керектігін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады
Кеше, 15:16

Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады

Қалада жаңа бірнеше нысан пайда болады
Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол түйткілді тұстардың уақытылы түзетілмеген болып шыққанын жеткізді
Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →