×

«Жағымсыз пікір жазуды доғарыңыздаршы»: Иманбек Әли Оқаповты қолдауға шақырды

Әнші, музыкант Әли Оқапов «Құрмет» орденімен марапатталғаннан кейін желі қолданушыларының наразылығына ұшыраған еді

«Жағымсыз пікір жазуды доғарыңыздаршы»: Иманбек Әли Оқаповты қолдауға шақырды
Коллаж Qaz365.kz

Қазақстандық музыкант, «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов әріптесі Әли Оқаповты қолдауға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz


«Құрметті қазақстандықтар, бәріңіз білетіндей, біздің досымыз әрі әріптесіміз Әли Оқапов «Құрмет» орденін алды. Сол үшін оны құттықтаймын! Алайда, өкінішке қарай, оған қарсы сын-пікір өте көп айтылып, жазылды. Мен ол сынмен келіспеймін. Неге екенін түсіндірейін. Біз музыкантпыз. Тыңдарманды қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сол себепті оған жағымсыз пікір жазуды доғарыңыздаршы, өтініш, ол сыйлыққа сен лайықсыз деудің де керегі жоқ... Керісінше, ол үшін қуанып, қолдайықшы. Себебі өнер адамдары ретінде бәріміз бір ғана міндетті орындаймыз – біз өз еліміздің мәдениетін көтереміз», – деді Иманбек Зейкенов өзінің инстаграм парақшасында.
 

Еске сала кетейік,  әнші, музыкант Әли Оқапов «Құрмет» орденімен марапатталғаннан кейін желі қолданушыларының наразылығына ұшыраған еді. Әнші оқырмандары мен кері пікір жазғандарға арнап бейне үндеу жолдауды жөн санаған.
 

«Осы видео арқылы мен 32 жылда алған барлық музыкалық телеарналардың премиясынан, радиолар, қоғамдық ұйымдар, жеке жобалар, жалпы барлық марапаттарымнан бас тартуды шештім. Мұны баяғыдан-ақ істегім келген. Себебі менің балама жеке бөлмесі керек, ал енді әлгі ауыр темірлерді  алып тастауға болады», – деп мәлімдеме жасады Әли Оқапов.

Бірнеше жыл бұрын Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығын алған кезде Қазақ КСР халық әртісі Роза Рымбаева оның бұл жетістігін «қарапайым сәттілік» деп атаған. 

«Уақытында дұрыс жерде болып, тек жолы болды. Оның үстіне, ол кәсіби музыкант емес. Бұл тек сәттілік. Түсті де болды. Ол тек ырғақ пен стилистиканы өзгертті, мұның бәрі компьютерде жасалады, оны автор, орындаушы, автор-аранжировщик ретінде емес, ремикс ретінде бағалады», – деген Роза Рымбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →