×

«Бұл сөз баламның артынан қалған емес»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың басынан өткен қиын жағдайды айтты

Гүлзира Айдарбекова «Қайратты Қайрат еткен мамасы ма?» деген сұраққа жауап берді

«Бұл сөз баламның артынан қалған емес»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың басынан өткен қиын жағдайды айтты
dalanews.kz

Ел арасында «Қайрат Нұртас – мамасының баласы», «Төреғали Төреәлі – әкесінің баласы» деген сөздер жиі айтылады. Осы ретте Гүлзира Айдарбекова «Қайратты Қайрат еткен мамасы ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қайрат – мамасының баласы» деген сөз көп айтылды. Бірнеше жыл бұл сөз баламның артынан қалған емес. Тіпті, баламның психологиясына да әсер етті десем де болады. Сосын ойлана келе, Қайрат бір концертінде жауап та берді. Сен мүгедек болсаң да, сен қандай жағдайда бол мейлі, сені тастамайтын тек қана анаң. «Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деп айтады ғой. Балам сол сөзді айтқанда жеңілденіп қалдым, өйткені өзім де ыңғайсызданатынмын. Енді бұл Алланың берген бағы ғой. Қаншама әнші бар. Қайраттан да дауысы, диапазоны мықты. Бірақ мысалы бақты Құдай кімге береді? Кім көтере алады, соған береді деген сияқты ғой», – деді продюсер.

Ол сонымен бірге баласы Қайрат аса танымал емес кезде талай продюсердің табалдырығын тоздырғанын, бірақ көпшілігі бұл ұсынысты қабылдамағанын айтты.

«Анасының арқасында жүр дейтіндей, Қайраттың орнына мен барып ән айтпаймын. Қайраттың потенциалын байқап, жарыққа шығуына себепкер ғанамын. Менің ана жүрегім ғана оған көмектескісі келді. Оның арманын орындағым келді. Одан кейін де қаншама адамның алдына барып, продюсер болсаңыз екен деген өтінішім болды. Енді ол кезде Қайрат танымал болмаған соң, ешкім елеген жоқ қой. Кейін шыққаннан кейін барып «Охо, бізге беріңіз» деп жатты. Бірақ ол кезде кеш еді. Мен енді бастаған ісімді жалғастырып, өзім сонымен айналысып кеттім. Менің армандарым орындалғанына әлі күнге дейін қуанамын», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Желіде өз пікірін білдірген қолданушылар бар.

«Анадан туады бәрі. Адамдар айта береді», «Қайрат Нұртас – өзін дәлелдеп тастаған әнші», «Мықтысыз», «Сөздерін біреу ақшаға жазып беріп жаттаған ғой. Әйтпесе түк тіл байлық жоқ», – деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады
Кеше, 15:16

Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады

Қалада жаңа бірнеше нысан пайда болады
Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол түйткілді тұстардың уақытылы түзетілмеген болып шыққанын жеткізді
Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →