×

Қазақы дәстүрді жаңғырту апталығы: Дулат Исабеков шығармашылығы ұлықталды

Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатында қазақы дәстүрді жаңғырту апталығы өтті

Қазақы дәстүрді жаңғырту апталығы: Дулат Исабеков шығармашылығы ұлықталды
qaz365.kz

Жамбылдық белгілі журналист Нұрадин Рақай өзінің Facebook парақшасында Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатында оқитын қызы туралы әсерлі жазба қалдырды. Онда қызы апасының қамзолын киіп, лицейдегі қазақы дәстүрді жаңғырту аптасына дайындалған екен. Мұны көрген журналист анасы есіне түсіп, көңілі босағанын жазады. Бұл оқиға бізді бейжай қалдырмады. «Қазақы дәстүрді жаңғырту апталығы» дегенді бұрын-соңды естімедік.  Qaz365.kz тілшісі Қыдырәлі Сарыпбек игі іс-шараны көрмекке Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатына барып қайтты. 

Әулиеата өңіріндегі Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатында Қазақы дәстүрді жаңғырту апталығының жабылу салтанаты аталып өтті. Онда жазушы, драматург Дулат Исабековтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғибратқа толы өнегелі өмір» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды. 

Лицейдегі барлық сынып қазақы дәстүрді жаңғыртуға атсалысуда. Ұстаздар мен оқушылар ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында қазақы қамзол киіп алған. Мектеп кіреберісіне киіз үйдің керегесі мен құрақ көрпелер, сыр сандық, жер үстел қойылып, ұлттық нақыштағы алаша мен қоржын ілінген.

8 «А» сынып оқышуларына алаш зиялысы Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер бейнесіне қатысты ашық сабақ өткізілді. Оқушылар көркем шығармадағы кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз деп бөліп, жеке-жеке талдап, топтық тапсырмалар орындады.

Аталған оқу орнының Лингвистикалық тіл пәндері кафедрасының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі  Әлімбаева Ләйла Жәдікбайқызы  мұндай шара оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеуде аса маңызды дейді.

«Іс-шара «Тарихи тұлға. Тау тұлға» деген тақырып аясында жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты – XIX-XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі майталмандардың шығармасымен танысып, жалпы кейіпкерлердің болмыс-бітімінің қалай болғандығын қазіргі кезеңдегі ұрпаққа насихаттау. Біз 10-11 сынып оқушыларына бір-бір образдардан шығаруға тапсырма бердік», - дейді ұстаз.

Ләйла ханымның айтуынша, жыл сайынғы жоспарға сәйкес, 16-20 қаңтар аралығында лицейде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы ұйымдастырылады екен.

«Апталықтың басты мақсаты – қазақ  тілінің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілге қолдау таныту, тіл және әдебиетке құштар шәкірттерімізден дарындыларды анықтау. Лицейімізде бұдан бөлек құндылықтарға негізделген білім беру жобасы да жұмыс жасайды. Осы құндылықтар аясында негізгі сабақты да кіргізу басты мақсат ретінде қарастырылған», - дейді ол.

Апталықтың биылғы жоспарында қазақтың ұлы тарихи тұлғаларын дәуір-дәуірімен насихаттау қолға алынған.

«Тарихи тұлға. Тау тұлға» айдарымен жоғары сыныптар арасында іс-шара ұйымдастырдық. Бұл жерде XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының басында тұрған Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, т.б. ардақтылардың бейнесін оқушылар сомдады. Іс-шара Алаш қайраткерлерінің тарихи болмыс-бітімін келешек ұрпаққа таныстыру мақсатында қолға алынды», - дейді шараны ұйымдастырушы.

Айтуынша, бүгінгі іс-шара Дулат Исабековтің 80 жылдығына арналған.

«Бүгін Дулат Исабековтің шығармаларын насихаттаймыз. Көптің көзайымына айналған мектеп бағдарламасындағы «Әпке» драмасын оқушылар мен ұстазымыз Гүлфазира Сегізбаева басты рөлді сомдай отырып, көпшіліктің назарына ұсынбақшы», - дейді қазақ тілі мен әдебиет маманы.

в

 Бір қызығы қазақ тілі мен әдебиетінің апталығы болған соң, лицей ұжымы мен оқушылардың барлығы да ұлттық киімде жүр.

«Бұл шара шәкірттерімізге қазақы болмысымызды ұмытпауға септігін тигізеді. Қазақы болмысымыз тұла бойымызға қанымыз секілді қызмет етсе, ұлттық кодымызды сақтайтын ел боламыз», - деп атап өтті мұғалім.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы облыстық деңгейдегі түрлі шараларға өз қолдауын танытып отырады екен. Оқу және тәрбие саласында әдістемелік кеңестер беріп, түрлі курстарға қолдау білдіретіндігін де атап өтті.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
Кеше, 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →