Аталған мәселеге қатысты Астана қаласының Білім басқармасы өкілдері жауап берді
Астанада Тәшенов атындағы гимназияның қасбетінде суреті тозып тұр. Qaz365.kz порталының оқырманы осы суретті редакцияға жолдаған. Жауапты Астана қаласының Білім басқармасынан алдық.
«Астанада Тәшенов атындағы гимназия мектеп бар. Кейде балаларды тасып жүріп жолым түседі. Осылай тұрғанына жылға жуықтап қалды. Оқу-ағарту министрлігін белгілеп жіберсеңіздер. Екі рет мектепке кіріп ескертіп ем, қаржы түспеді деді. Бұлай болмас енді тіпті», - дейді Ұлан Еркінбай атты елорда тұрғыны.
Расында да, Жұмабек Тәшеновтің суретінің өңі кетіп тұр екен. Мәселенің мәнісін Астана қаласының Білім басқармасынан сұрағанымызда мынадай жауап алдық:
«№10 мектеп-гимназиясының ғимаратында бейнеленген қоғам және мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің муралы 2021 жылы «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің қолдауымен салынған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ауыр техникалардың жұмыс істеуіне байланысты жөндеу жұмыстары мен қайта қалпына келтіру жұмыстары оқу жылы аяқталған соң 2024 жылдың 25 мамырынан кейін жүргізіледі».
Мәселе редакцияның назарында болады.
Жұмабек Тәшенов деген кім?
Қазақстан жұртшылығы Жұмабек Тәшеновті ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған, қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншыл тарихи тұлға деп біледі.
Тәшенов Жұмабек Ахметұлы (20.3.1915, Ақмола облысы Аршалы аудан Бабатай ауылы – 18.11.1986, Шымкент қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыстехникумын (1932), КОКП ОК жанындағыжоғары партия мектебін (1955) бітірген. 1934–1939жылдары Бейнетқор ауданатқарукомитетініңхатшысы, аудан жербөлімінің меңгерушісі, 1939 – 1943 жылдары Ақмолаоблысы жер бөлімі бастығының орынбасары, 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысыатқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952) болды. 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты.
Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметіненбосатылды.