×

Министр Бейсембаев үкіметтен мектеп директорлары мен орынбасарларының айлығын көтеруді сұрап отыр

Бұған дейін мұғалімдердің айлығы көтерілген

Министр Бейсембаев үкіметтен мектеп директорлары мен орынбасарларының айлығын көтеруді сұрап отыр
primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұған дейін мұғалімдердің айлығы көтерілген. Жылына 25 пайызға артып та келе жатыр. Ендігі кезекте министр мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының айлығын көтеру бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлығы жыл сайын 25 пайызға көтеріліп отырады. Енді биыл сол екінші көтерілу толық аяқталды. Қазіргі таңда мұғалімдердің айлығы өсті. Енді келесі бағытта біз мектеп басшыларының да айлығын көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр”, - деді Ғани Бейсембаев Сенат кулуарында.

Министрдің айтуынша, бұл ретте «плюстар мен минустарды» есептеп шығару керек. 

“Басшылардың айлығын арттыру жөнінде бастамамыз қолдау табар деген үміттеміз”, - дейді ол.

Еске сала кетсек, жалпы Қазақстандағы білім беру ұйымдары директорына еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту жоспарын былтыр экс-министр Асхат Аймағамбетов те айтқан еді. 

«Менің айтайын дегенім, 40 баласы бар мектеп директоры мен 1200-2000 баласы бар мектеп директоры бірдей жалақы алатыны. Әлбетте, мұнда жүктеме мен жауапкершілік дәрежесі әртүрлі», - деген еді Асхат Аймағамбетов былтыр тамыз конференциясында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →