×

ҰБТ тапсырушылардың 75%-ы қазақ тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді

Министр Саясат Нұрбек емтиханның өту барысымен танысты

ҰБТ тапсырушылардың 75%-ы қазақ тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді
Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

18 мамырда негізгі ҰБТ-2023 басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады. 166 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75% – ы қазақ тілінде, 25% - ы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласында орналасқан тестілеу орталығына барып, ҰБТ-ның өту барысымен танысты.

«Осы жылдан бастап біз барлық талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге байланысты ерекше мүмкіндік беріп отырмыз. Енді сіздер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса аласыздар. Бүгін Қазақстанда біз шекарасыз білім беруге ұмтыламыз. Сіздердің сапалы білім алып, өз әлеуетіңізді толық ашу үшін мүмкіндік жасаймыз», - деп атап өтті Саясат Нұрбек тестілеуге келген түлектерге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті
Бүгін, 12:51

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

Талдықорғандық стартаперлер жартылай финалдық кезеңнің жеңімпазы атанды
Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі туралы» заңның кейбір нормалары күшейтіледі
Мектеп директоры ешкімнің өмір бақи отыратын орны болмауы қажет
Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі бұйрыққа қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →