×

ҰБТ: Соңғы бес жылда қазақ тілінде тапсыратындар саны 74 пайыздан төмен түспеген

Статистикалық сараптама

ҰБТ: Соңғы бес жылда қазақ тілінде тапсыратындар саны 74 пайыздан төмен түспеген

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 166 мың талапкер өтініш берген. Оның ішінде 75 пайызы қазақ тілінде екен.

Осы ретте  Qaz365.kz тілшісі соңғы бес жылдағы статистикаға назар аударғанды жөн көрді.
Мысалы, 2018 жылы 102 447 өтініш қабылданған болатын. Пайызға шаққанда, қазіргі жағдаймен ұқсас. Яғни ол кезде де тапсырушылардың 75 пайызы қазақ тілін таңдаған.
Кейінгі жылдары да көрсеткіш бұдан төмендеген жоқ. Тек 2020 жылы 74,5 пайыз болған. Қалған жылдардың барлығында қазақ тілінде тест тапсырушылар 75 пайыздан асып отырды. Сөзімізге төмендегі статистика дәлел бола алады.

ҰБТ-2018
Талапкер саны - 102 447 адам
Қазақ тілінде – 77 224      (75%), 
Орыс тілінде – 25 177 немесе (25%) 
ағылшын тілінде – 46 адам.

ҰБТ -2019
Талапкер саны – 117 242
Қазақ тілінде –  88 277 (75,3)
Орыс тілінде –  28 784 (24,6)
Ағылшын тілінде – 181

ҰБТ-2020
Талапкер саны – 131 755
Қазақ тілінде –   98 169 (74,5%)
 орыс тілінде – 33 368 (25,3%)
 ағылшын тілінде – 218  

ҰБТ-2021
Талапкер саны – 145 288
Қазақ тілінде –  109 693 ( 75,5 %)
орыс тілінде – 35 245  ( 24,3 %)
ағылшын тілінде – 350

Былтыр 2022 жылы 154 мың талапкер тапсырғаны, оның ішінде 76 пайызға жуығы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде 0,2 пайызы ағылшын тілінде тапсырғаны айтылған. Бірақ нақты дәлме-дәл сан көрсетілмеді.
Биылғы жылы да 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінд тапсырмақшы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →