×

Айына 307 сағат: Маңғыстау облысындағы мектептердің бірінде жемқорлық фактісі анықталды

Мұғалімдердің аптасына 77 сағаты бар, бұл нормадан екі-үш есе көп

Айына 307 сағат: Маңғыстау облысындағы мектептердің бірінде жемқорлық фактісі анықталды
Facebook / Дидар Смагулов

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп Маңғыстау облысындағы жемқорлық фактісін қалай ашқанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Антикормен бірге басталған Білім саласындағы жемқорлықты жою жұмысы жалғасып жатыр. 

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектебі таңқалдыруды біледі екен.

Егер Заң бойынша 1 педагогтің 1 жұмыс аптасында (алмастыру жүктемесімен бірге) 24/32 сағат қарастырылса, Еңбек кодексінде жалпы жұмыс аптасы 40 сағаттан аспау керек деп белгіленген, ал бұл еңбексүйгіш мамандардың аптадағы қызмет уақыты - 77 сағатты құрайды.

Осылайша, бір айда 307 сағат шығады екен. Не деген еңбекқорлық! Тіпті ұйықтауға да уақыт қалмағаны ғой”, – деп жазды ол.

Осы тәсілмен 2019 жылда - 6.2 млн. тг., 2020 - 7 млн. тг., 2022 - 17.1 млн. тг. артық аударылған. Жалпы 3 жылда 30 миллионнан астам қаражат аударылған.

“Антикордың тапсырмасымен аталмыш мектепте аудит шаралары басталады, жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етеміз.

Осындай бассыздыққа көнбей, қарсы шыққан ұстаздарға ризашылығымды білдіремін”, – деді Смағұлов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дарындыларды дәріптеген күн: облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев үздік оқушылармен кездесті
Бүгін, 18:01

Дарындыларды дәріптеген күн: облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев үздік оқушылармен кездесті

Биыл Алматы облысында 483 мектепте 352 мыңнан астам оқушы білім алған
Вице-премьер Ермек Көшербаев өңірдегі әлеуметтік нысандарды аралады
Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →