Оның айтуынша, жалақы енді жыл сайын өсіп отырады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО оқытушыларының жалақысы қашан өсетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Qaz365.kz тілшісі министрден мектеп мұғалімдерінің жалақысы көбейгенін айтып, ЖОО оқытушыларына жалақы қашан көтерілетінін сұрады.
“1 қыркүйектен бастап бүкіл ЖОО мен ғылыми зерттеу институттарында жалақы кемінде 15-20%-ға көтеріледі. Бұл енді жыл сайын жасалатын үрдіс. Қаржы былтырдан бері жоспарланған. Әзірше, бюджеттің шамасы осы”, - деп жауап берді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Аймағамбетов Qaz365.kz тілшісіне ЖОО оқытушыларының жалақысына қатысты пікір білдірген. Мәжілісмен қазір жоғары оқу орындарының оқытушыларының айлығын көтеруге барлық мүмкіндік бар деп есептейді.