×

Шымкенттің бірнеше лагерінде балалардың құқығы бұзылған

Тексеру іс-шаралары жалғасуда

Шымкенттің бірнеше лагерінде балалардың құқығы бұзылған
Pexels.com

Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, "Hawaii" лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген  санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жүзеге асырған, ал 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырған. 

Ең көбі 220 баладан аспайтын "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған. 

Сонымен қатар, лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетуде. 
Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ. 
Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →