×

"Бізге проблема керек емес": Өскеменде әлімжеттікке ұшыраған қызды оқудан шығарып жібермек болған

Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Сүлейменова Саида мәлімдеді

"Бізге проблема керек емес": Өскеменде әлімжеттікке ұшыраған қызды оқудан шығарып жібермек болған
Facebook / Dina Tansari

Сәуір айының басында Өскеменде сауда орталықтарының бірінде жасөспірім қыздардың өз қатарласын ұрып-соққан, тізерлеп отырғызып, шешіндірген видеосы тараған болатын. Болған оқиғадан соң жәбірленуші Досымованы оқудан шығарып жібермекші болған. Бұл туралы оның адвокаты Саида Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

“Білім беру бөлімінің басшысы ешқандай да психологиялық көмек көрсеткен жоқ. Бірақ неге екені түсініксіз, БАҚ өкілдеріне жауап бергенде, қажетті көмек көрстеілгенін айтты. Алайда бәрі керісінше болды. Колледжден “құжаттарыңды жинап, өз аулыңа бар, бізге проблема керек емес” деген. Менің қорғауымдағы қыз әлі 1 жыл, 10 ай оқиды. Сондықтан да қазір, 1 қыркүйектің алдында оған еш қысым көрсетпей, колледжді бітіріп, диплом алуына мүмкіндік берсе дейміз”, – деді адвокат.

Qaz365.kz тілшісі колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Шырай Қайратқызынан ақпараттың рас-өтірігін сұрап білді. Ол колледж қызды оқудан шығармақ болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

“Ондай нәрсе болған жоқ. Ол соққыға жығылғаннан кейін екі күн өткен соң колледжге келді. Біз колледжде байқаған соң полицияға жібердік. Ата-анасы ешқандай әрекет жасамаған. Осы жылы толығымен сессиясын жауып, келесі семестрге көшірілген болатын. Оған керісінше психологиялық қолдау көрсетеміз. Өзі таяқ жеп отырған қызды қалай шығарып тастаймыз? Ол балаға қашықтан оқуды ұсындық. Ол бала олай оқымаймын деп, күнделікті келіп оқыды. Үйіне өзіміз жеткізіп тұруды ұсындық. Бірақ бас тартты. Дәл сот уақытында анасы қашықтан оқуды сұрап өтініш жазды. Содан соң оны қашықтан оқуға жібердік. Емтиханның бәрін қашықтан тапсырып, келесі жылға көшірілді”, – деді ол.

Айта кетейік, ұрып-соққан оқушының бірінің анасы Өскемен қалалық білім бөлімінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет еткен. Өскемен қалалық білім бөлімі басшысы Сәуле Алагөзова сәуір айында оның қызмет кеткенін мәлім етті. Әкесі Антикорда істейді деген ақпарат та тараған. Бірақ ол жағы расталмады. Кейіннен мәлім болғандай, қыздың әкесі мектептердің бірінде күзетші болып істейді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға облыс әкімі көлік сыйлады
Кеше, 16:00

Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға облыс әкімі көлік сыйлады

Түркістан облысында  жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді
Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық ЖОО-ның кез келгеніне оқуға түсуге білім гранты беріледі
Қазақстанның қарсыласы Ұлыбритания-Ирландия командасы
Оқулық тек білім берумен шектелмей, тәрбиелік мәңге де ие

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →