×

"Әкесі Антикорда істейді": Ұрып-соққан қыздың анасы қызметінен кетті

Аталған оқиға 1-2 наурыз күндері болған

"Әкесі Антикорда істейді": Ұрып-соққан қыздың анасы қызметінен кетті
Фото: Устинка LIVE

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде жас қыздардың төбелескен видеосы таралды. Бейнежазбада белгісіз қыз бала екінші қызды аяусыз соққыға жыққан. Осыған қатысты Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Балалардың төбелесі анықталды. Әрі қарай қылмыстық іс бойынша құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр, - дейді Сәуле Алагөзова.

Аталған оқиға 1-2 наурыз күндері болған.  Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша іс Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімшесінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Желіде қызды ұрғандардың біреуінің әкесі Антикорда істейді деген ақпарат тараған. Соған қатысты Сәуле Алагөзова жауап берді.


Ол ешқандай құпия емес. Бір қыздың әкесі Антикорда емес, мемлекеттік органда күзетші, анасы бізде кадр бөлімінде жұмыс істеген. Қазіргі кезде қызметінен босатылды, - деді бөлім басшысы.

Сондай-ақ білім бөлімінің басшысы өзінің отставкасына қатысты да пікір білдірді.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Су тасқыны болған өңірлердің оқушылары емтиханнан босатылады
Бүгін, 11:45

Су тасқыны болған өңірлердің оқушылары емтиханнан босатылады

20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады
Бастауыш сыныпты 374 мың бала тәмамдайды
Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →