×

Өскемендегі қыздар төбелесі: қалалық білім бөлімінің басшысы отставкаға кете ме

Оның айтуынша, қыздардың бәрі кәмілеттік жасқа толмаған. Сондықтан олар сабақтарын жалғастырып жатқан көрінеді

Өскемендегі қыздар төбелесі: қалалық білім бөлімінің басшысы отставкаға кете ме
ашық дереккөзден

Өскемендегі мектеп жасындағы қыздардың төбелесіне қатысты қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова оставкаға кетуге қатысыты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Директорларға қатаң сөгіс берілді. Ал жұмыстан шығаруға қатысты ешқандай пікір білдіре алмаймын. Ал маған қатысты шешімді облыстық білім басқармасы шығарады. Бұған бәріміз жауаптымыз. Қоғамның мәселесі деп ойлаймын, - дейді Сәуле Алагөзова.

Оның айтуынша, қыздардың бәрі кәмелеттік жасқа толмаған. Сондықтан олар сабақтарын жалғастырып жатқан көрінеді. Бірақ қатаң бақылауда деп айтты. 
Естеріңізге сала кетейік, жақында Өскемендегі орталығындағы сауда орталықтарының бірінде қыздардың төбелескен видеосы тараған болатын. Кейін мұндай жағдай алғаш рет болмағаны, зардап шеккен қызға осы уақытқа дейін де қоқан-лоқы көрсетілгені анықталды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша іс Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімшесінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Күдіктілердің бірінің анасы қызметінен кеткені анықталды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →