×

Сәтбаев Университетінде ғарыш технологияларының Халықаралық Kazakhstan Smart Space 2023-2030 байқауы өтті

Байқауға 59 оқу орнынан қатысушылар келді

Сәтбаев Университетінде ғарыш технологияларының Халықаралық Kazakhstan Smart Space 2023-2030 байқауы өтті
Сәтбаев университетінің баспасөз қызметі

Сәуір айының алғашқы күндерінде Сәтбаев Университетін ғарышқа деген жалпылама құштарлық баурап алды – университетте «Kazakhstan Smart Space» атты ғарыштық технологиялар мен жабдықтардың ІІ Халықаралық байқауы басталды. Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның 59 оқу орнынан студенттер мен мектеп оқушылары осы байқауда жүлделі орынға ие болу үшін өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Ашылу салтанатында Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ғылыми орталығының Басқарма төрағасы Марат Нұрғожин және Қазақстандық жобаларды басқару институтының президенті Олег Парахин және Сәтбаев Университетінің ректоры   М. Бегентаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жастардың шығармашылық дарыны мен олардың келешегі зор идеялары бүкіл шараның өзегіне айналды. Жас инженерлер 3 түрлі жас категориясы бойынша 3 шығармашылық және бір конкурстық номинацияда сынға түсті. Әр қойылымға Марат Нұрғожин төрағалық ететін қазылар алқасы баға берді. Сумо жекпе-жегін көрсеткен роботтардың өнері ең таңданарлық қойылым болып, тамаша әсер қалдырды.

Жарыс қонақтарына үлкен бағдарлама ұсынылды: мектеп оқушылары Сәтбаев Университетінің кампусымен танысты, Ұ. Сыдықов атындағы коворкинг орталығын, Минералдар галереясын, Тарихи мұражайды, Қазақстан технологияларын дамыту мұражайын және университет кітапханасын аралады. Қонақтар әсіресе ғарыштық квест пен ғарыш индустриясында және басқа да жоғары технологиялық салаларда мектеп пен студенттік кәсіпкерлікті дамытуға арналған халықаралық семинарға баса назар аударды.

Жас ұрпақтың ғарыш туралы бағдарламаға қызығушылық танытуының маңыздылығын бағалау өте қиын. Спутниктік байланыс, навигация, метеорология, өнеркәсіп, тіпті медицина – адам өміріне қатысты барлық салалар ғарыштық технологияларды қолданбаса, бүгінгі күні біз білетін формада өмір сүре алмас еді. Сондықтан да биылғы жылғы байқау «Ғарыш саласының динамикалық инновациялары мен базалық салалары. Мәселелер, әлеует және болашақ: Қазақстан – 2023–2030» атты Бірінші халықаралық конференциямен қатар өтуде.

Аталмыш конференция байқаудың екінші күні басталды, оған «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясының, Алматы қаласы Білім басқармасының, ҚР ҰҒА Аэроғарыш комитетінің және «Kazakhstan Space Travel» компаниясының өкілдері қатысты. Конференцияның бағдарламасы Қазақстанның практикалық мәселелерін ғарыштық технологиялар көмегімен шешуге бағытталған. Сарапшылар кең ауқымды тақырыптарды, соның ішінде Қазақстанның ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау мәселесін де талқылады.

Байқау мен конференция Цифрлық экономика көшбасшыларының 6-шы Еуразиялық саммитінің арнайы іс-шаралары форматында өтті, бұл іс-шаралар Қазақстанның Ұлттық аэроғарыш агенттігінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған.

Сонымен Сәтбаев университетінің базасында өткізілген Kazakhstan Smart Space ғарыштық технологиялар мен жабдықтар бойынша ІІ Халықаралық байқауының қорытындысы бойынша 43 команда алға шықты.

 

Жеңімпаздар

Номинация

Команда және мектеп

Запир Омар, Самед Мусаев

12 жас  аралығында

 Milestone мектебі, Астана

Жумабек Ниязбек

Назар Агадуллин

 13 пен 16 жас аралығында

 Milestone мектебі, Астана

Зачупейко Матвей

Роботтардың бір сызықпен жүру жарысы- Arduino

Re:boot Turan University

Искандер Булатхан, Айлин Оразаева

Роботтардың сумо жекпе-жегі 12 жас аралығында 

I – Робот, Астана

Санжар Жамбулов

Роботтардың сумо жекпе –жегі көрінісі

  16 жас аралығында

"Bolashaq Saraiy"  Ақмола облысының білім басқармасы

 

Мирослав Наумов

Роботтардың сумо жекпе-жегі көрінісі  16 жас аралығында

Лицей №134, Алматы

Аманкелды Шолпан

Макет,  16 жас аралығы

138 гимназия, Алматы

Ойбек Гулямов

Жұмыс үлгісі  (өнім) бейне жазба

 

НОУ "Sehriyo" г.Ташкент

Аджи Сулеймен, Роман Зоточкин, Никита Якуба, Тигран Оганджанян

Ғылыми-зерттеу жоба бойынша -16 жас аралығында

КГУ мектеп-лицей №28. М.Маметова атындағы

Жан Абдыкалиев, Бекзат Алдажаров

Ғылыми-зерттеу жобасы бойынша  22 жас аралығында

«НИШ»  Алматы

 

 

 

Ғарыш айлағының атмосферасын жасай отырып, қатысушылар өз ракеталарын аспанға ұшырды. Ал байқаудың ең қызықты көрінісі - роботтардың сумо күресі болды. Біз мұнда  қуаныштың да, жеңілістің де көз жасын көрдік, бірақ бұл тек бастамасы ғана.

Жастардың шығармашылық өнері мен алдағы келешегі зор идеялары осы іс-шараның өзегі болды. Ал қатысушылардың қойылымдарына Марат Нұрғожин бастаған әділ қазылар алқасы баға берді.

Жас ұрпақтың қилы-қилы жобалары, инновациялық шешімдері осы бағыттың болашағын көрсетеді, сондықтан да Қазақстанның ғарыштық ғылымы жас ғалымдардың сенімді қолында екені сөзсіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →