×

Астанада бірінші сыныпқа баратындардың 11 мыңға жуығы орыс сыныбына барады

Жалпы, мектеп табалдырығын алғаш рет 26 650 бала аттағалы отыр

Астанада бірінші сыныпқа баратындардың 11 мыңға жуығы орыс сыныбына барады
ашық дереккөзден

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев 2023-2024 оқу жылында елорда мектептерінде 255 мыңнан астам оқушы білім алуға келетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жалпы, мектеп табалдырығын алғаш рет 26 650 бала аттағалы отыр. Оның ішінде 15 929 қазақ тілінде, 10 571 орыс тілінде барады. Елімізде 1 сәуірден бастап жалпы орта білім беретін мектептерге 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жүргізІлген еді.

Қазіргі кезде құжатты онлайн қабылдау аяқталды. Бірақ үлгермегендер қағаз жүзінде тапсыра алады.

«Мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектептер 1-сыныпқа баратын балаларды ешқандай емтихансыз қабылдайды. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету мақсатында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша қабылдау комиссиялары жұмысын жүргізіп отыр», – дейді Қасымхан Сенғазыев.

Биыл Астанада  екіауысымда 16 600 орынға арналған 11 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр екен. 

«Оқу жылының басталуына қарай 4 800 орындық 3 мектептің ғимараты пайдалануға беріледі. Ол 1 200 орынға арналған Ұлы дала және Сауран қиылысы көшесіндегі мектеп», – деді басқарма басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →