×

Мемлекет басшысы 5,2 млрд теңгеге салынған Prometheus school мектебіне барды

Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді

Мемлекет басшысы 5,2 млрд теңгеге салынған Prometheus school мектебіне барды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен жылы ашылған Prometheus school мектебіне барды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.

Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →