×

Түркістан облысында өтірік балабақша ашып, мемлекеттен ақша алып отырған

Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтып берді

Түркістан облысында өтірік балабақша ашып, мемлекеттен ақша алып отырған
inbusiness.kz

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарығаш ауданының тұрғындарымен кездесуінде білім бөлімінің басшысына ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бір мекенжайға екі балабақшаны тіркеп, мемлекеттен ақша алып отырған.

Білім бөлімінің басшысы, мен сізге тағы да ескерту айтамын. Мені білесіз. Тасымалдауға сары автобустарды берген кезде, әрқайсымен жеке-жеке өзім айналысамын деп айтқанмын. Сарыағашта білім саласынан бөлек, жемқорлыққа батқан салалар көп. Өтірік балабақша ашып алғанды да көрдік. Бір мекенжайға екі балабақшаны тіркеп қойып, екеуі деп ақша алып отыр. Білім бөлімінің басшысы ондай фактті білмейді дегенге сенбеймін. Оның бәрін тиісті құзырлы органдарға бердік, сот алдында жауап береді. Ондай факт болмауы керек. Таза болуларыңыз керек. Сосын мектепке мұғалімдерді алғанда ақша сұрайды дегенді естіп жатамын. Керек болса, директорларды да, олардың артында тұрғандарды да тапсырыс беріп, тексерткіземіз. Білім саласына сонша қаражат бөлгенде, осындай жағдайлар болып жатса, балалардың келешегі не болады?” – деді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →