×

Алматыда 30 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданды

Оның ішінде жекеменшік мектептерге баратын – 3 789 бала

Алматыда 30 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданды
egemen.kz

Алматыда жаңа оқу жылында алғаш рет мектепке 30 146 бала барады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«1-сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталды. Бүгінгі таңда 30 146 бала қабылданды, оның ішінде жекеменшік мектептерге баратын – 3 789 бала. Орта білім беру ұйымдарында пәндік кабинеттердің 75,6% жаңартылды. Мектептерде барлығы 847 пәндік кабинет (химия, физика, биология, оның ішінде 640 кабинет заманауи жабдықтармен (жаңа модификациямен) жарақтандырылды, сонымен қатар 75 STEM және робототехника кабинеттері сатып алынды», – деді Ләззат Жылқыбаева.

Сондай-ақ, ол жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында тағы 147 кабинет, оның ішінде: 34 химия, 31 физика, 39 биология, 23 STEAM және 20 робототехника сатып алынғанын, бұл жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша оқытуды тәжірибеге бағдарлауға мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.

«Биыл Қайрат шағын ауданында 1500 орындық №211 мемлекеттік мектеп ашылады. 12 мемлекеттік мектепте күрделі, 178 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді»,- деді басқарма басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →