×

Ұлытау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Жезқазған қаласында алғашқы жекеменшік «Зерделі» мектебі ашылғалы жатыр

Ұлытау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 мектеп салынады
Qaz365.kz

Бұл туралы Ұлытау облысында өткен ұстаздар тамыз кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мектептер желісін ұлғайту мақсатында Ұлытау облысында да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асады. Жоба шеңберінде  6 мектеп салынбақ.  Оның алғашқысы биыл Жезқазған қаласындағы «Қабанбай» шағынауданында бой көтермек. Әзірге жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Басқа мектептерге де жер бөлінген. Әзірге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Олардың құрылысы келер жылы басталады. «Жайлы мектеп» – аты айтып тұрғандай білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған мектеп. Оның өзге мектептерден айырмашылығы тек ғимараты ғана тұрғызылып қоймай, бастауыш балалар мен жоғары сынып оқушылары бөлек оқуымен ерекшеленеді. Оған қоса бөлек асхана, заманауи жабдықталған кабинеттер, бөлек спорт залдары, т.б. мүмкіндіктер қарастырылатын болады.

Жаңа оқу жылында Жезқазған қаласында алғашқы жекеменшік «Зерделі» мектебі ашылғалы жатыр. Онда оқуға 600-ге тарта оқушы өтініш білдіріпті. Сынақтан сүрінбей, үздік шыққан оқушылар «Зерделіде» білім алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында 200 орындық жатақхана құрылысы басталған. Ол 2024 жылдың қыркүйегінде айында қолданысқа берілмек.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы Ұлытау аданындағы № 1 тірек мектебінің базасы толық жаңартылды. Биыл Жаңаарқа ауданының Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебіне де заманауи оқу кабинеттері, арт-студия, телестудия, робототехника, STEM кабинеттері жабдықталады және материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылады.

Техникалық және кәсіптік білім беруге келсек, колледждерде облыстағы еңбек нарығының сұранысына қарай «Ветеринария», «Экология және қоршаған орта», «Шетел тілі» мамандықтары ашылған.

Облыс орталығындағы тағы бір қуанышты жаңалық – Ұлытау техникалық университеті құрылуы. Бас жоспарға сәйкес, қаланың жаңа бөлігіндегі 30 га аумақта университеттің жаңа кампусы салынатын болады. Заманауи білім беру стандарттарына сәйкес оқытушылар білімдерін жетілдіре алады. Жоспарға сәйкес, жаңа университет келер жылдың қыркүйегінен бастап студенттерді қабылдай бастайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →