×

Ұлытауда 11-сынып оқушысы қызғалдақтың ерекше түрін сақтап қалатын жоба ойлап тапты

Алдағы уақытта да осы бағытта кең көлемде зерттеу жұмысын жалғастырғысы келеді

Ұлытауда 11-сынып оқушысы қызғалдақтың ерекше түрін сақтап қалатын жоба ойлап тапты
Qaz365.kz

Ұлытауда 11-сынып оқушысы қызғалдақтың ерекше түрін сақтап қалатын жоба ойлап тапты. Жобамен Ұлытау облысында өткен ұстаздар тамыз кеңесінде таныстырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеңес барысында Астана, Алматы қалалары мен Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген білім саласының майталмандары өз тәжірибелерін ортаға салып, жұмыстары туралы көрме ұйымдастырды.  

Көрмеге Сәтпаев қаласындағы С.Сейфуллин атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Алдияр Бейсембеков те қатысты. Ол Салтанат Сүтемгенованың жетекшілігімен грейг қызғалдағын сақтап қалуға арналған жобасымен таныстырды. 5-7 жылда ғана гүлдейтін қызғалдақтың Қызыл кітапқа енгенін, алдағы уақытта мүлде жоғалып кету қаупі барын айтқан ол оны сақтау үшін мемлекет тарапынан да қолдау болу керектігін айтады. Өсімдіктерді жақсы көретін ол ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңіне жолдама алған. Алдағы уақытта да осы бағытта кең көлемде зерттеу жұмысын жалғастырғысы келеді.

         

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →