×

Maqsut Narikbayev University-де ғылыми-талдау орталығы ашылды

MIND ғылыми-талдау орталығы

Maqsut Narikbayev University-де ғылыми-талдау орталығы ашылды
Фото: Qaz65.kz

Бүгін Maqsut Narikbayev University-де MIND ғылыми-талдау орталығының салтанатты ашылуы рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты іс-шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек орталықтың маңызы туралы айтып өтті. 

«Бұл бастама неліктен маңызды десеңіздер, қазір аналитика мен сараптаманың заманы. Өте күрделі геосаяси , экономикалық, аймақтық жағдайлар болып жатыр.  Жақында президентіміз мақаласында бір ойды ортаға тастаған еді. Яғни болашақпен қалай жұмыс істей аламыз деген болатын. Болашақпен жұмыс істей алатын, алдын-ала тетіктерді болжайтын компаниялар, жеке тұлғалар жемісті, табысты болады. Бізде осындай кезеңде тәуелсіз, жеке талдау орталықтары аз. Мемлекеттік құрылымдарда арнайы ұйымдар бар. Президент жанындағы стратегиялық зерттеу институты секілді құрылымдарды айта аламыз. Бірақ тәуелсіз сараптама бере алатын, ішкі саясаттарға, басқа тетіктерге қарамай, объективті болжам ұсына алатын орталықтар жетіспейді. Шет мемлекеттер бұл жағынан баланс ұстайды. Яғни мемлекеттік және жекеменшік орталықтардың үлесі бірдей», - деді Саясат Нұрбек.

Ал университеттің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев заң шығару бастамаларын жүзеге асыруға ықпал ететін ғылыми орталықтың базасында Парламент Сенатының жобалық кеңсесі жұмыс істейтінін айтты. 

«Біз ғылыми-талдау орталығын құру туралы шешім қабылдадық, өйткені осылайша мемлекетке пайдамыз тиетінін түсіндік. Енді біз ұсыныс беріп қана қоймай, әрекет ете аламыз», - дейді Талғат Нәрікбаев.

MNU ғылыми орталығының артықшылығы – университеттің материалдық базаларына, кәсіби оқытушылар құрамына, кең академиялық байланыстар мен ғылыми мектептерге қолжетімділікпен қамтамасыз етілген сараптамалық ресурстарында болып отыр. 

«Біз университеттің әлеуетін арттыруды, соның ішінде тәжірибе алмасу және бірлескен зерттеулер жүргізу үшін халықаралық байланыстарды орнату арқылы жалғастырамыз. Mind сараптама орталығының басты мақсаты тұрақты даму үшін БҰҰ-мен ынтымақтастық болады. Тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің дамуына көмектесуге баса назар аударымыз», - деді басқарма төрағасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Кеше, 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →