×

«Денсаулыққа зиян келіп жатыр»: Шымкентте мұғалімдер қала әкімінен көмек сұрап отыр

Оқушылардың денсаулығына қауіп төндіруде

«Денсаулыққа зиян келіп жатыр»: Шымкентте мұғалімдер қала әкімінен көмек сұрап отыр
Фото: newsroom.kz

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Ахметова Құттығыз Сейлбекқызы мен мектеп әкімшілігі Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтан көмек сұрауда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, оқу орны ғимараты ішкі және сыртқы қабырғалары өте ескі. Салдарынан, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығына зиян келіп жатқан көрінеді. Аталған мектепте екі мұғалім туберкулез ауруына шалдыққан, қазір тағы бір қызметкерден де анықталған.

 «Бірінші қабаттағы сыныптардың едендері, қабырғалары және дәліздің қабырғалары сызданып, иістеніп тұр, себебі жаңбыр жауған сайын мектеп жертөлесі суға лық толады. Ата-аналар тарапынан балаларының жиі өкпе ауруларымен ауыруының себебі кабинеттің ылғалданып, көгеруінің салдарынан деген шағым түсіруде», - делінген мектеп әкімшілігінің өтінішінде.

Аталмыш жазбаға сүйенсек, мектепті бұзу ағымдағы жылдың жоспарында болмаған, алайда оқушылардың денсаулығына қауіпті болғандықтан, биыл жоспардан тыс жаңа мектеп салу қажет болып тұр екен.

«Осы уақытқа дейін қалалық білім басқармасына бірнеше рет сұраныс жіберілген    болатын,  осы мәліметтер бойынша  қалалық  білім  басқармасы хабардар», - деді мектеп директоры.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық 20 студент Бішкектегі университеттен шығарылды
Кеше, 16:22

Қазақстандық 20 студент Бішкектегі университеттен шығарылды

Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде қызметтік жалғандық фактілері анықталды.
 Бұл сома ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған 
Жекеменшік мектепте бала саны 200-ге жетпесе, мемлекет қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →