×

«Әуекомпаниям болса деймін» немесе «Кореядан үй салуды үйренем»: шетелге оқуға түскен алматылық оқушылардың арманы қандай

Алматы қаласы Әуезов ауданы №202 мектеп-гимназияның мектеп бітіруші түлектері шетелдің жетекші университеттерінің грант иегерлері атанды

«Әуекомпаниям болса деймін» немесе «Кореядан үй салуды үйренем»: шетелге оқуға түскен алматылық оқушылардың арманы қандай
коллаж Qaz365.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданы №202 мектеп-гимназияның мектеп бітіруші түлектері шетелдің жетекші университеттерінің грант иегерлері атанды. Олармен тілдескен кезде жас ұрпақтың қаншалықты ой толғам жағынан озып кеткенін аңғарғандай болдық. Ақ-адал ниетінен ел аумағымен шектелмей, шетелде білім алып, ол білімі мен тәжірибесін ел илігігіне жұмсауға деген құштарлықты байқадық.

Qaz365.kz порталы тілшісі аталған оқу ордасының оқушыларымен тілдесіп, арман-мақсатын біліп көрді.

Әуекомпаниясын ашуды армандаймын

Мектеп түлегі Линара Рахметова Global scholarship бағдармаласына қатысып, АҚШ-тың Аризона штатында орналасқан Embry-riddle авиациялық университетіне және Огайо штатында орналасқан Кент мемлекеттік  университетіне «Ұшқыш» мамандығы бойынша грант жеңіп алған. Енді екеуінің біреуін таңдағалы отыр.

«Менің мамандығым спецификалық сипатқа ие болғаннан кейін гранттың жартысын өзім төлеймін. Жылына 32 мың доллар. Авиация менеджменті әрі пилот мамандығын таңдадым. Жездем Талғат та, оның әкесі де пилот. Екеуі де Эйр Астанада. Қызығушылығым 7-сыныптан басталды», - дейді ол.

Линара жазда ағасымен бірге тәжірибеден өтеді. Стюардесса немесе кеңсе менеджері болмақ. АҚШ қызықты мемлекет әрі оқуы сапалы болғаннан кейін таңдадым дейді. Эйр Астана Еуропаға пилоттарын жіберіп, қайтадан 10-15 жыл Қазақстанда жұмыс істеуге міндеттейді екен. Жас түлек олай байланғысы жоқ. Сол себепті Дубайға, Еуропаның үш еліне, АҚШ-қа оқу өтінім беріп, бәріне түскен. АҚШ-ты таңдаған.

«Қазақстанда өзіңді 10 жылдан кейін кім ретінде елестетесің?» деген сұраққа ол «мүмкін әуе компаниясын ашамын. Ол менің – қазіргі түпкі мақсатым. Атын «Ликарах эйрлайнс» деп қояр едім», - дейді Линара.

Ойын жасауды таңдаған айтишник

Ал Әлихан Самарханов АҚШ-тың Аризона мемелекеттік университетінің, Малайзияның Сямын, Гериот Ват университеттерінің IT мамандығы бойынша грант иегері атанған. Жас жігіт ІТ мамандығының гейм-девелопер мамандығына түскен. Яғни, компьютерлік ойындарды жасаймын. Бұл да киберспорттың бір түрі.

«Сол жерге креативтілігіңді қосып, ойын жасауға міндеттісің. Ағам Астана ІТ университетіне түсті. Оқып жатыр. Соған қарап қызығушылығым пайда болды. АҚШ-қа мен 60 пайыздық грант алдым. Дубайда мүлде грант жоқ. 20 пайыздық жеңілдік бар. Бірақ Малайзияға грантқа түстім. Мені бірден алты университет шақырып отыр», - дейді жас ІТ маман.

Компьютерлік ойындарды сегізінші сыныптан бастап Әлихан көп ойнаған екен. Әлі де ойнайды. «Дотадан» бастап бәрін жақсы көреді.

«Олардың пайдасы неде? Ойыңды дамытады, стратегия, тактика бойынша ойландырады. Адамдарды демалдырады. Ойынды сатқаннан ақша түседі.  10 жылдан кейін өзімді білікті маман ретінде елестетем. Жігерлі азамат болғым келеді. Білікті ІТ маман болсам деймін», - дейді ол.

Харбинге бағыт алған Диана

Диана Мұратова атты олардың құрдасы Қытайдың Харбин технологиялық университетінің «Бизнес администрация» мамандығына бакалаврда оқуға толық грант жеңіп алған. Оқуы да, жатақханасы да тегін. Айына 1000 юань шәкіртақы алады. Харбиннен басқа оны Қытайдың тағы екі оқу орны шақырған. Бірақ алдыңғысы Қытайдың ең үздік 10 университетінің қатарына енетікдіктен, Диана Харбинді таңдап отыр. 

«Қытай тілін оқып, үшінші дәрежені аяқтап қалдым. 10 жылдан кейін өзімнің отельдік бизнесім немесе мейрамхана бизнесімді ашқым келеді. Қазақстанда да мүмкіндіктер бар. Бірақ басқа елдерде соның бәрі қалай көрсетіліп, үйретілетінін білгім келді. Қазір мейрамханаларда уақытша еңбек етіп, тіл оқыту курстарын өзім төлеп жатырмын», - дейді ол.

Оқушы-бизнесмен

Қытайға оқу түскен тағы бір жас түлек – Дастан Жастар. Ол Пекин қаласында орналасқан  «Конфуций» университетінің  «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша бакалаврда оқуға мүмкіндік алған. Дастанның мықтылығы – қазірдің өзінде бизнестің көркін қыздырып жатқанында. Өзі 11-ші сыныпты енді ғана аяқтап жатса да, бірнеше адамды жұмыспен қамтыған көп-көріп кәсіпкер.

«Халықаралық бизнес мамандығын таңдасам деп отырмын. Өзім бизнес аштым. Дүкенім бар. Әлеуметтік маркетинг бағытында агенттік аштым. Агенттік СММ, мобилографтарды даярлап, аккаунттарды ілгерілетумен айналысады. Өзім де мобилографпын. Әшіров, Бүркітбаев деген медицина мамандарының аккаунтарын өзім жүргізіп отырмын.  Қазір агенттікте 4 адам бар. Арасында оқушылар, студенттер бар. Шамамен оларға 100-200 мың теңге көлемінде айлық беріледі», - дейді ол.

Дастан киім-кешек дүкенін де өзім ашқан. Бастабында 300 мың теңгені анасынан сұрап алып, кәсібін бастап кеткен. Тура бір айдан кейін сол ақшаны екі есе етіп қайтарыпты. Дүкенінің айналымы айына 1,2 млн теңгеге жеткен. Агенттікті наурызда, ал дүкенді мамырда ашқан.

«Болашақта анамның үмітін ақтап, жақындарыма әлемді көрсетіп, әжем мен атамды Меккеге апаруды армандаймын. Атама жыл соңына дейін көлік алып берсем деймін. Себебі кішкентай кезімнен бері атам маған көп тәлім беріп келеді. Көкем әкемдей болды. Футболға баулыды», - дейді ол.

Әкем жер сілкінгеннен кейін «Алматыға дұрыс үй салып берші» деді

Мектептің тағы бір түлектері Дінмұхамет Ақынбек пен Әлмира Ақажанова Оңтүстік Корея мемлекетінің Чангшин университеті арасындағы келісімшарт негізінде 50% жіңілдікпен оқуға түскен. Екеуі де оқуы үшін жылына 1,2 млн теңге төлейді.

«Құрылыс инженері мамандығына түсіп жатырмын. Корея елінде үйлер жақсы салынған. Соны біліп, меңгеріп, Қазақстанға сол тәжірибені әкелгім келіп жатыр. Шетелде оқып келген түлектерді көбінесе  BI груп компаниясы жұмысқа алады. Ол қазір Қазақстандағы ең ауқымды компаниялардың бірі. Шетелден келгендерді сол компания «жұлып» алады деп айтуға болады», - дейді ол.

Аталған университетте математика мен физиканы тереңдетіп оқытады. Математикадан, физикадан жас түлектің жетістіктері бар. Қалалық және аудандық білім сайыстарында екінші және бірінші орын алған.

«Әкем «Алматыға дұрыс үй салып берші» деген. Жер сілкінген кезде берік үй салу үшін әкемнің айтқаны. Өзіміз 8-ші қабатта тұрамыз. Жер сілкінген кезде шайқалып кетті. Содан осы мамандықты таңдап отырмын», - дейді Дінмұхамед.

Ал Әлмира Ақажанованың Кореяны таңдауына «жұмсақ күш» себеп болыпты.

«Корея дорамаларын көп көрем. «Пент хаус» атты сүйікті дорамам бар. Кішкентайымнан К-РОР жанрындағы әнді көп тыңдадым. Биін биледік. Кішкентай кезімнен топтарын жақсы тыңдайтын едім. Ең бастысы, BTS, ЭКСО деген топтарын тыңдадым. Әлі де тыңдаймын. Сол мәдениет менің Кореяға деген махаббатымды оятты», - дейді ол.

Қазақтың жастары осылай, арман қуып, оқу іздеп, әлемнің түкпір-түкпіріне сапар шегіп барады. Сәт сапар, жас түлек! Қанатың талмасын!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →