×

Мектеп түлектері мұғаліміне үш бөлмелі пәтер сыйлады

Шәкірттер пәтер кілтін 25 мамырда соңғы қоңырауда табыстады

Мектеп түлектері мұғаліміне үш бөлмелі пәтер сыйлады
Фото: ашық дереккөзден

Жаңаөзен қаласында 2004 жылғы түлектер "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірігіп, өз ұстазына үш бөлмелі пәтер сыйлады , деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

35-36 жастағы қыз-жігіттер 20 жыл бұрын қаладағы 10 мектебін бітірген. Биыл барлығы жиналып, физика мұғалімі Гүлнәр Қарақойшиеваға тосын сый жасады. Жастарға 40 жылдан бері білім беріп жүрген ұстазға үш бөлмелі пәтердің кілтін 25 мамырда соңғы қоңырауда табыстады.

Гүлнәр Қарақойшиева күтпеген жерден жасалған сыйға қатты қуанып, шәкірттеріне ризашылығын айтып, көзіне жас алды.

Демеушілер мен қайырымдылық қорының өкілдері де баспана иесіне өз сыйлықтарын жасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды
Кеше, 17:51

Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды

Өнерлі отбасыны көпшілік құттықтап жатыр. 
ҚР Ұлттық қорғаныс университеті болып қалады.
Негізгі бастауышқа айналуы немесе толықтай жабылуы мүмкін
Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →