×

Ғылыми атағы бар ұстаздарға мемлекеттен қосымша қанша қаржы төленеді

Жаңа заң педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған

Ғылыми атағы бар ұстаздарға мемлекеттен қосымша қанша қаржы төленеді
Ашық дереккөздерден

Жақында Преиздент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған. Бұл заң педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі бір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды. Мәселен, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) атағы үшін төленетін қосымша ақы 25 АЕК-ті (92 300 теңге) құрайды.

Ал ғылым докторы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін 42 АЕК (155 064 теңге), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Ғылыми дәрежелері мен атақтары үшін осындай ай сайынғы қосымша ақы негізгі жұмыс орнында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін ғылыми қызметкерлерге де белгіленді.

40 жасқа толмаған дарынды жас ғалымдарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорының инвестициялық кіріс қаражатынан стипендия алу құқығы берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жол картасын іске асыру мақсатында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді
1984 жылғы түлектер мектептегі күндерін еске түсірген
Бұған дейін министр оқу орнының әлеуетін көтеру басты мақсат екенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →