×

Назарбаев Университеті Қазақстанда бірінші орында» – Саясат Нұрбек

Бұған дейін министр оқу орнының әлеуетін көтеру басты мақсат екенін айтқан

Назарбаев Университеті Қазақстанда бірінші орында» – Саясат Нұрбек
Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қаншама сын айтылса да, Назарбаев Университетін елдегі үздік жоғары оқу орыны деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл сөзін оқу орнының кезекті түлектерімен қоштасу кезінде айтқан.

«Бүкіл сыни пікірге қарамастан, Назарбаев Университеті елдің жоғары білім саласында зерттеуші бағаналардың бірі. Инновацияларды, зерттеулерді, жоғары білімді бастай отырып, адамдарды, жаңа көшбасшыларды тәрбиелей келе, халықаралық рейтингтерде көш бастап келеді. Мен Назарбаев Университетінің оқытушылары мен басшылығына алғыс айтқым келеді. Зерттеу бағытындағы инфрақұрылымының, сіздердің еңбекқорлық пен адалдықтарыңыздың арқасында біз сіздерге ырза болып отырмыз. Times Higher Education нұсқасы бойынша Назарбаев Университеті ең жас университеттердің жүздігіне кіреді. Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарының 11 пайыздық үлесінде де бар. Қазақстанда зерттеу әлеуеті жағынан да бірінші орында», - дейді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Үкімет отырысында Саясат Нұрбек оқу орнының әлеуетін көтеру басты мақсат екенін айтқан. Оның сөзінще, оқу орнының бірнеше тиімсіз бағыты жабылуы мүмкін, бірақ негізгі қолдау еш өзгермейді. Халықаралық стандарттарға сай, толыққанды зерттеуші оқу орны – Назарбаев Университеті деп атаған ол кезде Нұрбек. Жақында QS халықаралық рейтингі шыққан. Сонда НУ Қазақстанда, Азиядағы ең үздік университеттердің ішінде бірінші орында тұр.

Оның алдында НУ-ды басқарған Шигео Катсу «НУ-дың академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұр» деп сұхбат берген. Алайда Саясат Нұрбек мұны жоққа шығарады. Жақын арада Назарбаев Университетінің жаңа ректоры тағайындалады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жол картасын іске асыру мақсатында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді
1984 жылғы түлектер мектептегі күндерін еске түсірген
Жаңа заң педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →