×

«Ректорлар үздік талапкерлер үшін «төбелеседі»: Саясат Нұрбек грантқа түсе алмаған талапкерлер туралы айтты

Алдағы жаңа оқу жылына бакалавр бойынша 78 мыңнан астам грант бөлінді

«Ректорлар үздік талапкерлер үшін «төбелеседі»: Саясат Нұрбек грантқа түсе алмаған талапкерлер туралы айтты
Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары балл жинаған, бірақ грантқа түсе алмаған талапкерлер тізімі ректорларға берілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әкімдіктер 2,5 мыңға жуық грант, жұмыс берушілерден 870 Грант, «Қазақстан халқы» қорынан тағы 870 грант бөледі. Біздің дарынды балаларымыздың барлық тізімі ректорларға тапсырылып, таңдайтын болады. Тіпті, ректорлар үздіктер үшін «төбелеседі», - деді министр Үкіметте өткен баспасөз конференциясында.

Министрліктің мәліметінше, жоғары балл жинаған 70 мың талапкер грант алған жоқ. Сонымен қатар министр қыркүйек айында «талапкерлер түрлі себеппен алған гранттарынан бас тартқан кезде» 2-3 мыңға жуық грант бөлінуі мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, алдағы жаңа оқу жылына бакалавр бойынша 78 мыңнан астам грант бөлінді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті
Бүгін, 12:51

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

Талдықорғандық стартаперлер жартылай финалдық кезеңнің жеңімпазы атанды
Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі туралы» заңның кейбір нормалары күшейтіледі
Мектеп директоры ешкімнің өмір бақи отыратын орны болмауы қажет
Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі бұйрыққа қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →