×

Мектептен қандай пәндер алынып тасталуы мүмкін

Стандарт бала білімін өмірде қолдануы үшін жауап беру керек

Мектептен қандай пәндер алынып тасталуы мүмкін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «мектептен кейбір пәндер алынып тастала ма» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қоғамда ата-аналар, кәсіби педагогтар ортасы да мектепте кейбір пәндер алынып тасталуы керек деген пікірді айтады. Бұл жөнінде министрдің өзінен сұралды.

«Ата-аналар артық деп санады екен деп, кейбір пәндер алынып тасталмайды. Бірден айтайын. Қазір ғалымдар, мамандар талқылап жатыр. Өйткені жалпы баланың негізгі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы үшін баланың жан-жақты білімді болуы маңызды. Сондықтан, бұл жерде үлкен ғылыми көзқараспен келуі керек деп есептеймін», - дейді Ғани Бейсембаев Мәжілісте.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызын да сөзге тартқан едік. Депутаттың айтуынша, білім стандартын қайта қарау керек.

«Қазіргі таңда жоғары сыныпта 16 пән оқытылады. Оның ішінде 6 пәннен ҰБТ, 5 пәннен мектепте емтихан тапсырады. Көпшілік мектепте оқыған пәндердің мазмұны ҰБТ-да кездеспейді деп айтады. Бұл нені көрсетеді. Яғни, стандартты қайта қарау керек. Менің ойымша, бала оқыған білімін өмірде қолдана алу қажет. Стандарт соған жауап беру керек», - деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →