×

Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Мәслихат депутаттарының кеңесі құрылды

Оның құрамына барлық деңгейдегі мәслихаттардан 190-ға жуық депутат енген

Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Мәслихат депутаттарының кеңесі құрылды
Сурет: gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Мәслихат депутаттарының кеңесі құрылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл білім саласындағы мәселелерді кеңесіп шешуге бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Оған барлық деңгейдегі мәслихаттардан 190-ға жуық депутат енді. Депутаттармен кездесуде Оқу-ағарту министрі мұндай кеңестің құрылуы жергілікті жерлерде мемлекет бастамаларының тиімді жүзеге асуына ықпал ететіндігіне сенімділік білдірді.

«Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының екінші республикалық форумында Мемлекет басшысы түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда оқу-ағарту жүйесінде 23 мыңға жуық білім беру ұйымында 6 млн-ға жуық бала білім алып, 578 мың педагог еңбек етуде. Сондықтан әр өңірдегі мәслихаттармен тығыз қарым-қатынас орнату жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізеді. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, күш біріктіруіміздің арқасында ең басты мақсат - білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз деп сенемін», –  деді Ғани Бейсембаев.

Алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін кеңес отырыстарында еліміздің білім беру стандарттарын жақсарту және жаңа тәсілдерді енгізуге ықпал ететін өзекті тақырыптар талқыланып, ұсынымдар әзірленетін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →