×

Павлодарда мектепте балаларға доңыз етін берген

Оқиғаға қатысты асхана қызметшісі ата-аналардан кешірім сұраған

Павлодарда мектепте балаларға доңыз етін берген
Фото: ашық дереккөзден

Оқиға Павлодардағы мектептердің бірінде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

«5 қарашада комиссия мүшелері Әлихан Бөкейхан атындағы лицей- мектебінде ас мәзірінде доңыз шұжығынан жасалған асты көрдік. Бұл жағдайды біз білмедік. Сондықтан әкімшілік пен комиссия мүшелері алдағы уақытта бұндай жағдайға жол бермейміз. Мына шұжықтардың барлығын өз қолымызбен қоқысқа тастап жатырмыз», — дейді комиссия мүшесі.

Оқиғаға қатысты асхана қызметшісі ата-аналардан кешірім сұраған.

«Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар! Сіздерден бүгінгі жағдайға байланысты кешірім сұраймын. Ол фирманың шұжықтарының құрамында шошқа еті болады деп ойлаған жоқпыз. Енді пайдаланбаймыз, ас мәзірінде пицца, шұжық қосылған бәліш секілді тағамдар болмайды», — дейді аспаз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды
Кеше, 14:52

Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.
Оны ұстау барысы бейне есеп үшін арнайы жасақтың қатысуымен қайта ұйымдастырылып түсірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →