×

Алматыда тағы 50 мың камера пайда болады

Бұл шаралар Алматыдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған

Алматыда тағы 50 мың камера пайда болады
Фото: Цифрландыру басқармасы

Цифрландыру басқармасы мәліметінше, 2024 жылдың аяғына дейін Алматыда тағы 50 мың бейнекамера қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматыда жыл аяғына дейін 50 мың бейнебақылау камерасын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне (ББЖ) қосу жоспарланған. Қазір жүйеге 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардағы 45 мың камера қосылған, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға жетеді.

"Жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін "Сергек" кешенінің 300 камерасы орнатылып, қаладағы осындай кешендердің жалпы саны 1 641-ге жетті.

Сонымен қатар "Кешенді қауіпсіздік жүйесі" жобасы аясында жыл аяғына дейін 71 денсаулық сақтау нысанында да қауіпсіздік шаралары іске асырылады", - делінген хабарламада.

Бұл шаралар Алматыдағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтуге бағытталған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →