×

«Олар шакал емес»: Шерзат ісімен ұсталған күдіктілердің ата-аналары Тоқаевқа үндеу жасады

Екі жақты бірдей қараңыздар

«Олар шакал емес»: Шерзат ісімен ұсталған күдіктілердің ата-аналары Тоқаевқа үндеу жасады
коллаж Qaz365.kz

Ата-аналар Шерзат Полаттың әкесі мен ағасын да жауапқа тарту керек деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балалардың солай істегеніне елімізден, халқымыздан кешірім сұраймыз. Бірақ әділ болсын. Нұрқанат та жауапқа тартылсын. Қаржаубай да жауапқа тартылсын. Соны тілейміз. Екі жақты бірдей қараңыздар. Біржақты ғана кінәлауға болмайды. Мылтықты Нұрқанат (ағасы) көлігінен шығарып, балаларға қарай атты. Балалар тыныш тұрған жерінен Шерзат марқұм бір баланың жағын сындырды. Ойламаған жерден ұрып жіберген. Неге ұрады? Олар өздері пышақ пен мылтық алып шықты, сондықтан жігіттер көтеріліп кеттіді. Тағы да балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздікі дұрыс емес. Бірақ егер олар арандатпаса, бәрі шешіліп, тыныш үйлеріне кетер еді. Олар жиналып алып, бір жерге барып, топтасып әдейі барған жоқ. Шакал емес. Біз де соңына дейін барамыз, – дейді олар.

Талғардағы трагедия

Еске салсақ, Талғар қаласында бір топ азаматтың арасында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат көз жұмған еді. Артынша марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов әділ сотты талап етіп, үндеу жасады.
Бұдан бұрын тараған ақпараттарға қарасақ, марқұм Шерзат Болат дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен клиентпен төбелескен. Сыраны тегін алып кетпек болған жігіт достарын шақырып, әкесі мен баласын, туыс ағасын соққыға жығады. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Пышақпен келген бұзақылар анасының жанайқайына қарамай, жасөспірімді соққыға жыққан.
Ресми орган тергеу объективті жүргізіліп, кінәлілердің бәрі заң аясында жазасын алатынын мәлімдеді. 
Алайда тергеушілерге сенбеген марқұмның туған-туыстары көшеге шығып, әділдікті талап етті. Олар сол түні болған 13 адамның орнына 7 адамның ғана қамалғанына наразылық білдірді. Марқұмның әпкесі Бақыт Реймова полицейлер төбелеске қатысушылардың барлығын қамауға алмағанын айтты
Талғарда Шерзат Болатты өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады. 9 қазанда мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Талғардағы жағдай туралы Үкімет басшысына сауал жолдады. Ал мәжіліс депутаты Абзал Құспан Талғардағы қанды оқиға бойынша сот ашық өткізу талабы дұрыс екенін айтты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Сондай-ақ осы оқиғадан кейін бірнеше шенді қызметінен кетті. Талғар әкімі мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды.
«Хуторлықтардың» лидері деп аты шыққан Хасан Қасымбаев Орда басылымына сұхбат беріп, өзі жөнінде әлеуметтік желіге тараған ақпараттың бәрін жоққа шығарды. 16 жастағы Шерзатты өлтіру ісі мен әкесінің Талғардағы үйін өртеу ісі бойынша бес сараптама тағайындалды. Алматы облысы Полиция департаменті «Хуторлықтар» бандасының жетекшісі атанған Хасан Қасымбаев қамауға алынғаны туралы мәлімдеме жасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Наразылыққа шыққандар Сухумдағы Абхазия парламентінің ғимаратының алдына барған
Ұйым тағайындалған сәттен бастап Перизат Қайрат бірде-бір ресми отырыс өткізбеген
Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →