Барлығы жеті баллон болған
Ақмола облысындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты. 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратында жаназа ас кезінде болған
Газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы бала қаза тапты, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын шығарған, барлығы жеті баллон болған.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қалалық ауруханасына жеткізді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді тазалап жатыр. Аймақтық департаменттің базасында жедел штаб құрылды.
Айта кетейік, оқиға болған бұрынғы мешітте қазір ешқандай құлшылық жасалмайтыны, өйткені жаңадан “Жақсыгелді” мешіті салынғаны хабарланды.
Жарылыс болған ғимаратты жергілікті тұрғындар бұрын намазхана ретінде пайдаланған. Қазіргі уақытта намазхана ретінде де пайдаланбайды себебі жаңа мешіт салынды.
Жаңа мешіт салынған соң ғимарат ас өткізетін орын ретінде пайдаланып келген, – делінген Науан Хазірет мешітінің әлеуметтік желідегі парақшасында.