×

Үржарда 22 жастағы жігітті 21 жерден пышақтап, қатыгездікпен өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Бір үйдің жалғыз баласы екен

Үржарда 22 жастағы жігітті 21 жерден пышақтап, қатыгездікпен өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
Ашық дереккөздерден

Семейде 22  жастағы жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды. Судья қанды қылмысты жасады деген күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ бұл үкіммен жәбірленуші тарап келіспей отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Шолпан Мұхамеджанова, марқұмның әпкесі:

– Қылмысыкерге аса жоғары жаза берілген жоқ. Біз бірнеше рет талап-өтініш жазғанбыз. Яғни аса жоғары жаза беруге. Өкінішке қарай, тергеу ісі де, сот тергеу ісі де қанағаттандырмады. Енді біз апелляцияға беріп, ары қарай әділдіктің, шындықтың түбіне жетуге дайынбыз.

Сұмдық оқиға жыл басында Үржар ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі түнде дүкеннің алдында адам өліп жатқанын көріп жедел жәрдем шақыртқан. 22 жастағы Рахат Райбекті аяусыз пышақтап кеткен екен. Марқұмның туыстары бір үйдің жалғыз ұлына 21 жерден пышақ салған дейді. Кейін осындай айуандыққа барды деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды. Судья жалған куәгер болғандардың бәрін жауапқа тарту туралы да шешім шығарды. Сондай-ақ әскери комиссариатқа да тексеріс жүргізілетін болады. Себебі, қара жамылған отбасы айғақтарды жоюға көмектескендердің барлығын жауапқа тартуды талап еткен. Ал сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтемек.

Айжан Бесеева, судья:

– Қанат Саматұлы Пұшпақпаев ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сай қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. ҚР ҚК 46-бабы, 5-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы іс бойынша кісі қолынан қатыгездікпен өлтірілген 22 жасар жігіттің туыстары тергеудің әділ жүргізілмей жатқанынына наразылық білдіріп жатқаны туралы жазғанбыз. Марқұмның туысының айтуынша, оның көз жұмған бауыры да, оны өлтірді деген күдікпен ұсталған күдікті те аудандық комиссариатта жұмыс істеген. Оның үстіне көз жұмған жігіттің жұмысқа кіргеніне бар-жоғы 10 күн ғана болған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үш мұғалім қаза тапты: Қостанай облысындағы жан түршігерлік апат
Бүгін, 09:13

Үш мұғалім қаза тапты: Қостанай облысындағы жан түршігерлік апат

Олар білім беретін мектепте қаралы күн жарияланып, мұғалімдермен қоштасу рәсімі өткен
Дәрігерлер науқаста инфаркттың алғашқы белгілерін байқаған
Бұған дейін желіде қазақтың ұлттық киімімен "Хан Шатырға" кіруге болмайтыны туралы блогердің видеосы тараған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →