×

«21 жерден пышақтаған»: Үржарда қатігездікпен өлтірілген жігіттің туғандары әділдік іздейді

Ол Үржар аудандық Қорғаныс істері бөлімінде қайтыс болған

«21 жерден пышақтаған»: Үржарда қатігездікпен өлтірілген жігіттің туғандары әділдік іздейді
Фото: 31 арна

Абай облысы Үржар ауданында көз жұмған 23 жастағы жігіттің туыстары тергеудің әділ жүргізілмегеніне наразы, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.

Рахат Райбектің жақындары қылмыстық іс жан-жақты зерттелмей сотқа жолданды деп отыр. Оған қоса, күдіктілердің барлығы бірдей қамалмағанына қапалы. Айыптау актісіне сәйкес, әскери комисариаттың қызметкері пышақ жарақатынан қайтыс болған. Тоғыз айдан бері шырылдап, шындыққа жете алмай жүрген жандармен өңірдегі әріптесім тілдесіп келді. 

Қаңтар айында Рахат Райбек Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жұмысқа орналасады. Он күннен кейін 23 жастағы жігіт әріптестерімен туған тойлауға кеткен екен. Сол түні ауылдағы дүкеннің маңынан оның мәйіті табылып, туыстарына қаралы хабар жетіпті. 

"Оқиға негізі военкомат ғимаратында басталған. Бауырымды сол қызметкерлер туған күнге деп шақырып алады. Сол военкомат ғимаратында бұларда отырыс болады. Сол отырыстан кейін  бауырым қайтқан жоқ сол жақтан. Яғни сол военкомат ғимаратынан қайтпады, өлігі ғана келді",– дейді марқұмның әпкесі Шолпан Мұхамеджанова.

Марқұмның әпкесі інімді аса қатыгездікпен пышақтап өлтіргендердің барлығы қамауға алынбады деп отыр. Оған қоса, тергеудің жан-жақты жүргізілмегеніне сенімді. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен де келіспейміз деген Шолпан Мұхамеджанова қылмыстық істің бабын ауыстыруды талап етеді.

"Біздің ойымызша еңгезердей жігітке бір адам 22 жерден пышақ салуы мүмкін емес. Ол біріншіден. Екіншіден осы қылмысты жасырып отырған бірнеше тұлғалар бар. Олар да іс бойынша жай куә ретінде жүргізіліп отыр. Біздің екінші талабымыз  бұл куәларды күдіктілер қатарына өткізу. Сотта 99/1 бабында қарастырып отыр. Біз 99/2-ні, яғни особый жестокостьқа бапты ауыстыруды талап етеміз",– деді марқұмның әпкесі.

Қазір атышулы істе жалғыз айыпталушы бар. Ол әскери комисариаттың жүргізушісі екен. Бүгін өткен кезекті сот отырысында куәгерлерден жауап алынды.

Айта кетейік, Алматы аграрлық университінде оқыған Рахат Райбек үйленбеген. Отбасының жалғыз баласы болған. Арманы Қорғаныс саласында жұмыс істеп, әскери қызметкер болу еді дейді туыстары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →