Ер адамның өлімі туралы ақпарат 23 желтоқсанда пайда болған
Әлеуметтік желілерде Маңғыстау атом-энергетика комбинатында жұмысшының қайтыс болған жерінен бейнеролик пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Кадрларда еденде шашылған қирандыларды көруге болады. Сондай-ақ кенеппен жабылған жұмысшының денесі, жедел жәрдем қызметкерлері байқалады.
Өлімнің себебі еңбекті қорғау ережелерін бұзу болып отыр. Жөндеу шеберханасының шебері құбыр құлағаннан кейін қайтыс болған. Оқиға үлкен резонанс туғызды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ер адамның өлімі туралы ақпарат 23 желтоқсанда пайда болған.